Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ - Қарағанды облысында 42 жасар әйелді өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«13 қарашада Н.Дубовка ауылынан 2 шақырым жерде зорлықпен өлтіру белгілері бар әйел адамның жартылай күйген денесі табылған. Алдын-ала тергеу амалдары бойынша полиция қызметкерлері марқұмның кім екенін анықтады, ол Абай ауданының 42 жасар тұрғыны болып шықты. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабы 1 бөлімімен (адам өлімі) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда басты күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Полицияда атап өткендей, шұғыл-іздестіру шараларын жүргізу барысында 21 жасар күдікті кінәсін мойындап, жанжал барысында зардап шегушіге пышақ жарақатын салғанын және қылмысты жасыру үшін 21 жасар танысымен оның денесін полиция қызметкерлері тапқан жерге апарып, өртегендерін айтқан.
«Екіншісіне қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылуда», - делінген хабарда
Қатысты сілтемелер
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32