Қарағанды облысында 5 жылда Т6,5 трлн-дық өнеркәсіп өнімдері өндірілді

Қарағанды. 31 шілде. ҚазТАГ – Қарағанды облысында 5 жылда Т6,5 трлн-дық өнеркәсіп өнімдері өндірілді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Облыс әкімшілігінде мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын (МҮИИДБ) іске асыруды қорытындылады және екінші индустриалдық бесжылдыққа міндеттерді талқылады.
Кеңесте 5 жылда жиынтық көлемде  Т6,5 трлн шамасындағы өнеркәсіп өнімдері өндірілгені атап өтілді. Т1,5 трлн-нан астам инвестицияланды, оның ішінде Т1 трлн-нан астамы – өнеркәсіпке.  
Индустриалдау картасы аясында 58 жаңа кәсіпорын іске қосылды және жұмыс жасап тұр, жаңа 4,6 мың жұмыс орны ашылды. Жоба өнеркәсіптің 12 саласын қамтиды. 13 жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылуда, 12 жоба өнімді экспорттаушы болып табылады.
Жаңа өндістер 2010-2014 жылдары Т200 млрд-тық өнеркәсіп өнімдерін өндірді. 2015-2019 жылдарға есептелген МҮИИДБ-2-ге келсек, оның ерекшелігі өңірге бейімделгендігі мен кластерлік көзқараста. Қарағанды облысында ол қара және түсті металл, өнеркәсіп үшін химикаттарды шығару, тау-кен өнідісі өнеркәсібі үшін машина мен жабдықтар жасау, электр жабдықтарын, құрылыс материалдарын, азық түлік шығару.
Көмір өнеркәсібінде көмірді кешенді өңдеу және көмір қабаттарынан метанды бөліп алу бойынша жобаны іске асыруды жалғастыру жоспарлануда.  Қара және түсті металлургияда ол дат баспайтын электротехникалық болат өндірісі, орташа және үлкен диаметрлі құбырлар шығару, илеме өнімдерінің ассортиментін кеңейту. Машина жасауда – тау-шахталық жабдықтарды шығару, әскери-инженерлік техниканы жөндейтін және сервистік қызмет көсететін және қосалқы бөлшектерін шығаратын орталық ашу.
Осы және басқа да бағыттарды дамыту қорытындысы 2020 жылға қарай облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші болып табылады.
Кеңесті қорытындылай келе, облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков өңір алдында бірқатар міндеттер қойды.
«Біздің барлығымыздың алдымызда мемлекет басшысының қойған міндеттерді шешу бойынша атқарылатын орасан зор жұмыстар бар, оның ішінде өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде индустриалдау картасын іске асыру үлесін едәуір арттыру бар, сол арқылы Қарағанды облысы еліміздің ірі индустриалдық орталығы болғанын және бола беретінін растауымыз керек», - деп қадап айтты Н. Әбдібеков.  

adimage