Қарағанды облысында 72 киікті атқан күдіктілер іздестірілуде

Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қарағанды облысында 72 киікті атқан күдіктілер іздестірілуде.
«Нұра ауданында 72 киікті атқан күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша Қарағанды облысы ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. ПД-де күдіктілерді үстау .үшін барынша тәжірибелі қызметкерлер құрамынан жедел-іздестіру тобы құрылды. Көрші облыс қызметкерлерімен бірге блокпосттар орнатылды. Күдіктілердің көлігіне ұқсас көлік құралдары тексерілуде», - деп хабарлады дүйсенбіде Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар минстрлігінде (ЭГТРМ) Нұра ауданында 72 киік өлігінің табылуы туралы егжей-тегжейлі айта кетті.
«2019 жылдың 26 қазанында «Охотзоопром» ӨБ РМҚК Орталық өңірлік филиалының жедел тобы Қарағанды облысы Нұра ауданында Қыпшақ көлі маңында мүйізі кесілген 30 өлі киікті тапқан. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлімі 2 –тармағы бойынша тіркелді. (…) 27 қазандағы жағдай бойынша өлтірілген киік саны (Қарағанды облысы аумағында – ҚазТАГ) 72 басқа жеткен, оның ішінде 67-сі үлкен, бесеуі жас төл болған. Оқиға орнында «Феггер» маркалы патрондардың гильзасы табылған» - делінген хабарда.
Ведомствода хабарланғандай, 27 қазанда «Охотзоопром» ӨБ РМҚК және Нұра ауданының полициясы жүргізген жедел-іздестіру шарасында Қонақай көлінің маңынан белгісіз біреулер киік атқан екі автокөлікті  байқаған.
«Оларға қарай қызметтік көліктер жүре бастаған кезде күдіктілер Ақмола мен Қостанай облысы шекарасындағы Майлыкөл көліне қарай бет алып, қашып кеткен», - деп хабарлады ҚР ЭГТРМ.

adimage