Қарағанды облысында аңшы инспекторын өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қарағанды. 21 ақпан. ҚазТАГ - Қарағанды облысында аңшы инспекторын өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.
«Сот үкімімен Б.М.Ахметов, К.В.Ақшанов, М.В.Шүкілдіков заңсыз аңшылық жасағаны, адам өлтіруге оқталу және ауырлататын мән-жайлар барысында адам өлтіру, қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығында оларға бес жылға дейін аңшылықпен айналысуға тыйым салына отырып, өмір бойына бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды. Б.М.Базаров, Б.С.Кайырбеков, Ж.К.Мырзабаев және А.У. Акимов аса ірі көлемде зиян келтіре отырып, заңсыз аңшылықпен айналысқандары үшін әрқайсысы бес жылға дейін аңшылықпен айналысуға тыйым салына отырып, алты жылға бас бостандықтарынан айырылды», - делінген жұмадағы хабарда.
Сондай-ақ, сотта нақтылағандай, «зардап шегушілердің материалды залалды өндіру және қылмыспен келтірілген моралды залалды өтеу туралы азаматтық талап-арыздары ішінара қанағаттандырылды, атап айтсақ, сотталушылар Б.М.Ахметов, К.В.Ақшанов пен Н.М.Шүкілдіковтен зардап шегуші П.А.Ницыктің пайдасына Т500 мың көлемінде матералды залалды және Т6 млн сома көлемінде моралды залалды өндіру, зардап шегуші Н.Б.Нұрғалиевтің (қаза болған инспектордың ағасы) пайдасына Т500 мың көлемінде материалды залал және Т9 млн көлемінде моралдық залалды өндіру, зардап шегуші М.Е.Нұрғалиевтің (қаза тапқан инспектордың ұлы) пайдасына Т1,89 млн көлемінде моралдық залалды және Т15 млн сома көлемінде моралдық залалды өндіру бөлігі қанағаттандырылды».
«Сонымен қатар мемлекет пайдасына сотталғандардың барлығынан киіктерді ату салдарынан қоршаған ортаға келтірілген Т89 763 750 сома көлеміндегі материалды залал өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және сотталушылар оған шағымдана алады», - деді соттан.
Еске сала кетейік, 13 қаңтарда сағат 18.00-де рейдтік іс-шаралар кезінде Қарағанды облысының Нұра ауданында «Охотзоопром» ОК мемлекеттік инспекторлары ақбөкендердің 5 атып өлтірілген тушасын тапты. Күдіктіні қуу кезінде нөмірі тіркелмеген екі Toyota Land Cruiser автокөлігі табылды, олардың біреуі тоқтатылды. Белгісіз адамдар машинаны тексерген кезде қарсылық көрсеткен. Нәтижесінде инспектор П.Ницик жарақат алып, екіншісі – бас жарақатын алан Е.Нұрғалиев комаға түсіп кеткен, дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ құтқара алмады.
18 қаңтарда ІІМ аңшы инспекторын өлтірді деген күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланғанын хабарлады. Ведомствода фотосуреттері таратылып, барлық күдіктілердің есімдері жарияланды: Михаил Ахметов, Н.М.Шукилдиков. және К.В.Акшанов. 21 қаңтарда ІІМ хабарлағандай, Қарағанды облысында «Охотзоопром» ОК» РМКК инспекторын өлтірген күдіктілердің Қызылордада ұсталғандығы мәлім болды.


adimage