Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Қарағанды облысында аңшы инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты істің сотқа жолданатын мерзімі белгілі болды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.
«Жақын арада біз тергеудің жан-жақтылығын қамтамасыз етеміз және айдың соңына дейін қылмыстық іс материалын сотқа жолдаймыз», - деді дүйсенбіде ішкі істер министрі Ерлан Тұрұмбаевқа Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының МА Ерлан Файзуллин.
Хабарда атап өтілгендей, бұған дейін министрге зардап шегушінің өкілі Г.Тәуекелов тергеу амалдарының деңгейіне көңілі толмайтынын білдірген еді.
Еске сала кетейік, 13 қаңтарда сағат 18.00-де рейдтік іс-шаралар кезінде Қарағанды облысының Нұра ауданында «Охотзоопром» ОК мемлекеттік инспекторлары ақбөкендердің 5 атып өлтірілген тушасын тапты. Күдіктіні қуу кезінде нөмірі тіркелмеген екі Toyota Land Cruiser автокөлігі табылды, олардың біреуі тоқтатылды. Белгісіз адамдар машинаны тексерген кезде қарсылық көрсеткен. Нәтижесінде инспектор П.Ницик жарақат алып, екіншісі – бас жарақатын алан Е.Нұрғалиев комаға түсіп кеткен, дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ құтқара алмады.
18 қаңтарда ІІМ аңшы инспекторын өлтірді деген күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланғанын хабарлады. Ведомствода фотосуреттері таратылып, барлық күдіктілердің есімдері жарияланды: Михаил Ахметов, Н.М.Шукилдиков. және К.В.Акшанов. 21 қаңтарда Қызылордада күдікті қылмыскерлердің ұсталғандығы мәлім болды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34