Қарағанды облысында АИ-92 бензинінің бағасы Т180/литр дейін қымбаттады

Астана. 19 қазан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қарағанды облысында АИ-92 бензинінің бағасы Т180/литр дейін қымбаттады, деп хабарлады бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен.
Мониторинг қорытындысы бойынша АИ-92 бензинінің ең жоғары бағасы 8-15 қазан аралығында Қарағанды облысындағы «Гелиос», Petroretail, «Газпромнефть Казахстан», Sinoil жанар-жағар май стансаларында 1 литр бензин бағасы Т171-180 дейін көтерілген, делінген БҚДА есебінде.
Ведомство ақпарынша, бензиннің 1 литрінің ең жоғары бағасы Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарында Т175 болған еді.
АИ-92 бензинінің ең төмен бағасы Атырау облысында бұрынғыша – Т165-Т166/литр болды.

adimage