Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Алматы. 19 сәуір. ҚазТАГ-ауа райының қолайсыздығынан Қарағанды облысында жолдар жабылды,деп хабарлайды облыс әкімдігінің сайты.
"19 сәуір күні сағат 10.40-та қатты қар жауып, боран соғып және көктайғақ салдарынан Қарағандының барлық бағыттары бойынша көліктің барлық түрлері үшін жолдар жабылды", - делінген ақпаратта.
18 сәуірде Қарағанды облысында ауа райы күрт нашарлады.
"Қатты көктайғақтың салдарынан облыс орталығында осы күні 26 жол - көлік оқиғасы орын алды", - делінген ақпаратта.
Коммуналдық қызметтерге көшелерді тазалау үшін қысқы арнайы техниканы қосуға тура келді.
"Қазыбек би атындағы ауданда басты қиылыстарда, көшелерде және аялдама павильондарында 32 тонна құм-тұз қоспасы, Октябрь ауданында 54 текше метр балласт төгілді. 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнде қаладағы жолдар щеткалы тракторлар тазаланды", - делінген ақпаратта.

adimage