Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығынан Алматы-Екатеринбург тас жолының бөлігі жабылды

Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығынан Алматы-Екатеринбург тас жолының бөлігі жабылды, деп хабарлады Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ауа райы жағдайына байланысты (қалың тұман) Екатеринбург-Алматы тас жолының 1370-1426 шақырымы, Осакаровка ауылы – Теміртау қаласы бөлігінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Жолда кездейсоқ жағдай туындаған жағдайда республикалық маңыздағы жолды пайдаланушылар қалалық телефон нөмірі арқылы +7 7172 444 777, сондай-ақ диспетчерлік қызметтің мобильді телефоны мен WhatsApp нөміріне хабарласа алады +7 771 7444 777.

adimage