Қарағанды облысында ауыл тұрғынын атып кетті

Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ – Қарағанды облысында ауыл тұрғынын атып кетті, деп хабарлады өңірдің полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«28 мамырда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында қарудан жараланған ауылдың 59 жасар тұрғынының мүрдесі табылды. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабы 1 бөлімі (адам өлімі) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Аталмыш қылмысты ашу үшін Жаңаарқа ауданы полиция бөлімі және департаментінің барынша тәжірибелі қызметкерлерінің қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды», - делінген хабарда.
ПД-да айтқандай, тергеу барысы облыс прокуратурасы мен полиция басшылығының бақылауында.

adimage