Астана. 19 маусым. ҚазТАГ – Қарағанды облысында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қарағанды облысы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында «Жастар жылы» шеңберінде бесінші «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімі өттіа», - делінген сәрсенбідегі хабардан.
Хабарда айтылғандай, Іс-шараға қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев, Парламент депутаттары, Қарағанды облысы әкімдігінің басшылығы, Қарулы Күштердің ардагерлері және жиын қонақтары қатысты.
«Іс-шараның алдында ел Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы далалық лагерьге, «Айбын достық мекені» аллеясына, Жастар алаңына, оқу орындарына, атыс қаруы, әскери техника және басқа да техникалық құралдар үлгілері көрмесіне барды», - делінген хабарда.
Жиынға қатысушылардың алдында сөз сөйлей отырып, Қазақстан Республикасының Президенті ашылып отырған іс-шараның маңыздылығын атады, мерейтойлық бесінші «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған Жастар жылында өткізіліп, барлық қолданатын күш-жігер елді болашақтағы серпіліске дайындауға жұмылдырылғанын және қуатты Қазақстанды құруға бағытталғанын ерекше атап өтті.
«Мемлекет басшысы сөз сөйлегеннен кейін «Айбын» туы көтерілді. Туды көтерудің ерекше құқығы «Қайсар» әскери-патриоттық клубының (Павлодар қ.) капитаны, «Айбын – 2018» гран-приінің иегері Асхат Мақышевқа берілді. Бұдан әрі «Жас Сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы аға лейтенант Мейірбек Меңдіғалиев жиынның қатысушыларымен бірге жарыстарды әділ өткізу туралы ант берді», - деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінен.
Салтанатты ашылу рәсімі барысында Құрлық әскерлері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, Әуе қорғанысы күштері ұшқыштар құрамы әскери-патриоттық жиынның қатысушыларына қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндіктерін – артиллериядан, танкіден, армиялық авиация тікұшақтарынан және заманауи көп функционалды Су-30СМ жойғыштарынан атуды көрсетті.
«Бесінші жастар жиынының ерекшелігі жас патриоттардың 2050 жылғы қазақстандықтардың болашақ ұрпағына үндеу жолдайтын «Uly Dala sarbazy» уақыт капсуласын салуы болды», - деп атап өтті ҚР ҚМ.
Хабарда атап өтілгендей, сонымен қатар болашақ Отан қорғаушылары «Aibyn talks» интерактивті кездесуге қатысты. Кездесу барысында олар әскер түрлерінің басқолбасшыларымен, спортшылармен және атақты тұлғалармен, олардың арасында Ержан Максим («Голос дети» тележобасының жеңімпазы), Бибісара Асаубаева (шахматтан әлемнің бес дүркін чемпионы), Ілияс Тоқтахан (менталды арифметикадан әлем чемпионы), Әмір Махмет (кеудені жерден көтеруден әлем рекордсмені) әңгімелесіп, қызықтарымен бөлісті.
Ведомствода хабарлағандай, әскери-патриоттық жастар жиынының бағдарламасында әскери-қолданбалы байқаулар: белтемірде тартылу, жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию, пневматикалық мылтықтан оқ ату, граната лақтыру, АК-74 автоматын жинау және бөлшектеу, қысқа және алыс қашықтыққа жүгіру және басқа да көптеген байқаулар ерекше орын алатынын атап өткен жөн.
Бесінші әскери-патриоттық жастар жиыны биыл 22 маусымда аяқталады. Жарыстардың қорытындысы бойынша үздік командалар мен айрықша көзге түскен қатысушылар марапатталады», - делінген хабарда.
Қарағанды облысында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды
