Қарағанды облысында балық жеміне Т30 млрд инвестициялау жоспарлануда

Астана. 22 сәуір. ҚазТАГ – Адель Рустемова. Қарағанды облысында акционерлердің Т30 млрд салуымен балық жемі зауыты құрылысының жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Балықтың өзіндік құны құрылымында жемге жұмсалатын шығындар жалпы шығыстардың 70% - ын құрайды. Сондықтан құрама жемдердің сапасы мен тиімділігі балықты өндірістік өсіру рентабельділігінің шешуші факторлары болып табылады. Осыған байланысты жоғары сапалы жемнің (көректенетін азығының) отандық өндірісін жолға қою қажет, бұл өз кезегінде импортқа тәуелділікті азайтуға, бизнеске қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Зауыттың қуаттылығы күніне 1000 тоннаны құрайды. Инвестициялардың жалпы сомасы - 30 млрд.теңге», - деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев "VIRGIN SOIL KZ" ЖШС-нің құрылтайшысы Андрей Найманмен кездесуде.
Ведомство ақпарынша, бұл жобаны "Сарыарқа" АЭА аумағында іске асыру жоспарланып отыр, құрылыс және пайдалану кезеңінде 500 жаңа жұмыс орны құрылады. Жобаны іске асырудың жоспарланған мерзімі: 2021-2022 жылдар.
«Біз "Сарыарқа" АЭА басқарушы компаниясымен меморандумға қол қойдық, 25 гектар жер телімі анықталды. Жалпы, өндіріс гидропониялық агрономия саласындағы израильдік және халықаралық ғалымдардың тәжірибесіне негізделетін болады. Өндірілетін жем 100%" жасыл" жем болады», - деді Найман.
Кездесу қорытындысы бойынша Мырзағалиев балық шаруашылығы комитетінің төрағасынf жобаны бақылауға алуды және жан-жақты ықпал етуді тапсырды.

adimage