Қарағанды облысында бейсенбі күні жаңбыр, найзағай, күшті жел күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін

Қарағанды. 12 тамыз. ҚазТАГ - Қарағанды облысында бейсенбі күні жаңбыр, найзағай, күшті жел күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
«Кей жерлерде жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін (басымырақ облыстың солтүстігі мен шығысында), тұман (көбіне облыстың солтүстігі мен батысында). Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 метр секунд жел тұрады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, ауа температурасы түнде +8+13, облыстың оңтүстігінде +16+21, күндіз +17+22, облыстың оңтүстігінде +25+30.

adimage