Қарағанды облысында бір мектептен шыққан өрттен кейін жаппай тексеру басталады

Күні: 16:41, 19-09-2018.

Қарағанды. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Қарағанды облысында бір мектептен шыққан өрттен кейін жаппай тексеру басталады, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Тексерулер (мектептердегі – ҚазТАГ) осыған ұқсас проблемаларды анықтап, оларды уақытында жоюға бағытталған», - деп хабарлады Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев сәрсенбіде.
Тексерулерді білім басқармасының қызметкерлері өңірдегі ТЖ департаментінің қызметкерлерімен бірге  өткізеді.
Еске салсақ, 12 қыркүйекте өрт салдарынан №36 жалпы орта білім беретін мектептің 300 ш м шатыры өртенді. Өрттің шығуына электр тоғының тұйықталуы себеп болған.  
Қазіргі таңда мектеп шатыры қалпына келтірілді, сабақ 17 қыркүйекте басталды.  


Жаңалықтармен бөлісу: