Қарағанды облысында дарынды жастарға «Жас дара» медалы бекітілді

Қарағанды. 18 маусым. ҚазТАГ – Қарағанды облысында дарынды жастарды марапаттау үшін «Жас дара» медалы бекітілді, деп мәлім етті өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков.
«Біз биыл тұңғыш рет осындай белгі («Жас дара» медалін – ҚазТАГ) бекіттік. Медаль оқудағы, өнердегі, спорттағы жетістіктер үшін, республикалық және халықаралық олимпиада, ғылыми жобалардың жүлдегерлеріне, спорттық жарыстар мен шығармашылық конкурс жеңімпаздарына беріледі», - деді Н. Әбдібеков бейсенбі күні облыстағы ең үздік түлектермен кездесуінде.
«Жас дара» медалі 46 түлекке тапсырылды. Облыстық білім басқармасының қызметкерлерінің айтуынша, медальді елорданың бір типографиясында жасап шығарды.
Облыс әкімі сонымен қатар «Алтын белгі» белгісін табыс етті. Ол биыл 109 түлекке берілді.
«Алға қойған мақсаттарыңызға батыл ұмтылыңыздар, ойға алғандарыңызды іске асырып және дарындының халық алдында моральдық жауапкершілікте болатынын есте сақтаңыздар. Сіздер өздеріңізді өмірдің қандай да саласында табуға деген ұмтылыстарыңыз сіздерге табысты және қоғамға керек  адам болып қалыптасуға мүмкіндік береді», - деп кездесуге келгендерге Н. Әбдібеков сәттілік тіледі.  
Облыстық білім басқармасының мәліметтерінше, Қарағанды облысында биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) облыстағы 7 мыңнан асатын түлектердің ішінде 5 мыңнан асатыны тапсырыпты. Республикалық орташа балл 79,4 болғанда, олардың орташа баллы 79,6 болды. ҰБТ нәтижесі бойынша Қарағанды облысы елімізде 6-шы орын алды. Орташа балл динамикасы мен өсімі бойынша өңір Қазақстандағы бестікке енді.
Үш түлек мүмкін боларлық 125 баллдан 123 балл алды. Олар - Никита Костливцев (лицей №2, Қарағанды), Меруерт Мұқташова (гимназия №8, Жезказған) және Аида Әлімбетова (№22 ОМ, Жезқазған).
2014-2015 оқу жылдары қарағандылық оқушылар республиткалық олимпиадаларда әр түрлі дәрежедегі 22 медаль жеңіп алды. Республикалық конкурстар мен ғылыми жобаларда 13 адам жеңіске жетті. Қарағандылықтар ғылыми жобалардың  халықаралық байқауларында 57 медаль жеңіп алды, олардың 16-сы алтын медальдар.

adimage