Қарағанды облысында егіс науқаны басталды

Алматы. 13 мамыр. ҚазТАГ – Қарағанды облысында егіс науқаны басталды, деп хабарлады өңір әкімдігінің сайтынан.
«Аграрлық шаруашылықтар дәнді-дақылдар, бұршақты және майлы дақылдарды егуге, картоп пен көкөністерді отырғызуға кірісті», - делінген ақпарда
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, биыл өңірде 885 мың гектар дәнді-дақылдар, 18,3 мың гектар майлы дақылдар, 54,3 мың гектар азықтық дақылдар егіледі.
«Биылғы жылы картоп отырғызу аумағы 9,6 мың гектарды, ал көкөністерге арналған аудан 1,5 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ осы жылы қырыққабатты көбірек өсіру жоспарланып отыр, бұл көкөніс түріне бөлінген жерлер 500 гектарға дейін ұлғайтылды», - делінген хабарда.
Ведомство ақпарынша, биыл 1 500 гектар суармалы жер айналымға енгізіледі.
«Облыста егіс жұмыстары 5 маусымда аяқталады деп жоспарланып отыр», - делінген хабарда.

adimage