Қарағанды облысында екі жеңіл көліктің соқтығысуынан төрт адам ажал құшты

Алматы. 18 ақпан. ҚазТАГ – Қарағанды облысында екі жеңіл көліктің соқтығысуынан төрт адам ажал құшты, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«17 ақпанда сағат 17.00 шамасында «Қарағанды-Атасу» көлік жолында Ақой ауылынан 15 шақырым қашықтықта Қарағандыға бет алған 35 жасар Audi 100 көлігінің жүргізушісі көктайғақ салдарынан көлік рөлін басқара алмай қалып, қарсы жолға шығып кетіп, 37 жасар жүргізушісі бар Mazda көлігіне соққан. ЖКО салдарынан Audi 100 көлігінің төрт бірдей жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Mazda жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
«ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. (…) Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді полицейлер.

adimage