Қарағанды облысында экстремизмге қарсы іс қимыл бойынша ақпараттық-насихаттық қызмет бюджеті арттырылады

Қарағанды. 7 қазан. ҚазТАГ – Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков діни бірлестіктермен байланыс жөнінде кеңес отырысын өткізді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.  

«Кеңесте облыстың түзету мекемелеріндегі ақпараттық-үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ  Жезқазған өңірі кеңесінің жұмысы мен діни жағдай мәселесі қаралды», - делінген сәрсенбідегі жарияланымда.

Н.Әбдібеков қалада түзету мекемелерінің болғанына қарамастан, Қаражалда жағдайдың тұрақты екенін атап өтті. Сәтпаевта үгіт-насихат жұмыстарының мониторингі сауатты жүргізілуде. Ол жастардың мәдени-бұқаралық шаралардың орнына спорттық шараларды таңдайтынын атап өтті.  

«Облыс басшысы жиналысқа қатысушыларды профилактикалық жұмыстарды жандандыру және жалғастыру керек екеніне  назар аударды. 2016 жылға бюджетті қарастырған кезде экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-үгіт-насихат жұмыстарына да қаржыны арттыру мүмкіндігін қарастыру керек екенін айтты. Сонымен қатар облыстық және республикалық масштабта сауатты маман-теологтарды тартуға күш салу жағы да айтылды», - делінген облыс әкімдігінің хабарында.

Сонымен жиналыста сөз алған ҚР ІІМ облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Нариман Сахатов діни экстремизм мен терроризм профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының басым бағыттарының бірі болып табылатынын айтты.

Ал сотталғандардың жекелеген түрлерімен атаулы жұмыстар жүргізілуде. Бас бостандығынан айыру орындарында қазақстандық патриотизмге арналған спорттық және мәдени-бұқаралық шаралар өткізіліп тұрады.

Жезқазған әкімі Батырлан Ахметов қала бойынша 10 діни бірлестіктер мен филиалдардың тіркелгенін атап өтті, алайда аталмыш бағытта жұмыстар жүргізілуде.  


adimage