Қарағанды облысында көпбалалы аналарға арналған үйде жылу жоқ

Қарағанды. 29 қараша. ҚазТАГ – Қарағанды облысында Сарышағанда әкімдіктен көпбалалы аналарға берілген үйде жылу жоқ, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Біз Сарышаған тұрғындары Ынтымақ көшесі 21 үйде тұрамыз. Бізге әкімдік көпбалалы аналарға арнап жеті үй тұрғызды. Біз осы жылдың жазында көшіп келдік. Пәтерлер өте салқын. Алты баламызбен күртешемен жүрміз. Қайда барамыз? Дала аяз. Мердігер жауап бермейді, әкімдік те үнсіз», – деді Аян Шоқпарова.
Белгілі болғандай, бұл үйлерге үш жылға кепілдік беріледі екен. Қазір бұл үйлерге балалары бар тағы да алты ана орналастырылған.
Анықталғандай, әкімдік бұл жағдайдан хабардар екен.
«Көпбалалы аналарға арналған жеті үй 2021 жылы пайдалануға берілген. Біз бұл проблема туралы білеміз. Мердігерден (ЖК А.Нурсейтов) үйге қатысты барлық ақауды жоюды талап еттік. Осы жетіде ол пластик құбырлар мен кеңейткіш бакты ауыстырады», – деді Ақтоғай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

adimage