Қарағанды облысында кезекті өрт болды

   Қарағанды. 29 маусым. ҚазТАГ-Қарағандыда қоқыс полигоны өртенді, деп хабарлайды Ekaraganda.
   "28 маусым күні сағат 17.00 шамасында ТЖД пультіне Бұқар Жырау ауданының Доскей ауылындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті", - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, полигон аумағында қатты-тұрмыстық қалдықтар ашық алаңда жануы орын алған.
   Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, өрт кеше 19.20-да оқшауланды. Жалпы өрттің ауданы 2,5 га.
   Қоқыстардың өртеніп, тұтануы жалғасуда. Қатты өрт иісі Қарағанды тұрғындарына жетті. Өрт сөндірушілер жұмысын жалғастыруда.

adimage