Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған төрт науқастың жағдайы ауыр

Қарағанды. 8 сәуір. ҚазТАГ - Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған төрт науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
«Облыста коронавирусты инфекцияны жұқтырудың 55 жағдайы тіркелді. 4 науқастың жағдайы ауыр, олар жан сақтау бөлімінде жатыр. Бір науқаста пневмония (ауыр емес) анықталды. Қалған науқастардың жағдайы орташа ауыр және қанағаттанарлық», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, бүгінгі таңда Қарағанды облысында карантинде тәулік бойы бақылауда 890 адам жатыр, үй карантинінде 1498 адам жатыр.
«Олардың барлығының денсаулығы жақсы, ауру белгісі жоқ», - делінген хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин шаралары күшейтілді. 3 сәуірде мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмыссыз режимді 6 сәуірден 13 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа карантин режимі Шымкентте 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап енгізілді. 6 сәуірде Тоқаев екі отандық ғылыми институттың ұжымын коронавирусты анықтауға арналған өзіміздің диагностикалық тест-жүйемізді ойлап табуларымен құттықтады
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 709 жағдайы тіркеліп, 53-і жазылып, жеті адам көз жұмды.

adimage