Қарағанды облысында мембағдарламалар бойынша 45 нысан салынады

Қарағанды. 15 шілде. ҚазТАГ  Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарламалар бойынша 45 әлеуметтік нысан салу жоспарлануда, деп хабарлады облыстық құрылыс басқармасының жетекшісі Темірғали Дүйсенбаев.
«2015 жылы құрылыс басқармасына республикалық және облыстық бюджеттен Т17,9 млрд бөлінді. Сол қаражатқа 45 нысан, соның ішінде 6 мектеп және балабақшалар, 28 денсаулық сақтау нысанын, Саран қаласында қазандық, Қоңырат аулында модульдік қазандық салу жоспарлануда», - деді Т. Дүйсенбаев облыс әкімдігінің аппараттық отырысында.
Өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков ағымдағы жылы облысқа азаматтық құрылыс бөлігінде «қиын міндет» тап болғанын атап өтті.
«Тасқын кезеңінде су астында қалған ауылдардың тұрғындарына арналған және Сәтпаев қаласындағы қоныстанушы тұрғындарға арналған үйлерден бөлек әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Бұдан басқа, алыс шалғай ауылдық жерлердегі дәрігерлік амбулаториялардың және «Нұрлы жол» жаңа мемлекеттік бағдарламасының аясында ҚР Ұлттық қор қаражаттарының есебінен тұрғызылатын нысандардың ауқымды құрылысы басталды», - деп түсіндірді облыс әкімі.
Н. Әбдібеков нысандардың дер кезінде салынып бітуіне қатысты тапсырмалар берді. Жылыту маусымының басталуына дейін пайдалануға берілуі тиіс Сарандағы қазандық құрылысы айрықша бақылауда болмақ.
Экономика және қаржы басқармасына биыл тапсырылатын нысандардың құрылысын аяқтау үшін жетпей тұрған қаражатты бөлу туралы мәселені қарау тапсырылды.

adimage