Қарағанды облысында пара алғаны үшін аудандық ТҮКШ бөлімінің экс-басшысына Т9 млн айыппұл салынды

Астана. 5 шілде. ҚазТАГ – Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданының тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Әбділдинге пара алғаны үшін Т9 млн айыппұл салынды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«25 маусымда Бұқар-Жырау аудандық сотының үкімімен Әбділдинге Т9 млн көлемінде айыппұл салынды. Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот айыппұлды төлеу мерзімін бекітті және айыппұл төленбеген жағдайда оның бас бостандығынан айыруға алмастырылатынын түсіндірді», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Іс материалы бойынша, Әбділдин көлік жолдарының қысқа дайындығына бөлінген ақшаның аударылуы және орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойылуы үшін мердігер мекеменің өкілінен пара алған.

adimage