Қарағанды облысында пара алғаны үшін Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасарына Т6 млн айыппұл салынды

Астана. 8 қазан. ҚазТАГ – Қарағанды облысында пара алғаны үшін Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасарына Т6 млн айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары – жер комиссиясының төрағасы Б.Қ. Серіковке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. (…) Ағымдағы жылдың 7 қазанында Жаңаарқа аудандық сотының үкімімен Б.Қ. Серіков пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар, сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.
«Ол жеке тұлғалардың пайдалануына жатпайтын қосымша жер учаскесін жалға беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін азаматтан 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 12 қыркүйекте хабарланғандай, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары мен «Қарағанды облысы еңбек инспекциясы» ММ мемлекеттік инспекторы пара алған деген күдікке ілінген еді.

adimage