Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ - Қарағанды облысында шенеунік алаяқтық күдігіне ілікті, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.
«Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық күдігімен Қарағанды облысы бойынша индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті №1 көмір өнеркәсібі мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ол «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстандық» шахтасына жерасты кеншісі ретінде жұмысқа орналастыру сылтауымен азаматтан Т500 мың сома көлемінде ақша алған деген күдікке ілінген», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода нақтыланғандай, кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысының кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде процессуалдық келісім жасауларына орай процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26