Қарағанды облысындағы бірқатар жаңа жоба индустрияландыру картасына енгізілді

Қарағанды. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Қарағанды облысындағы бірқатар жаңа жобалар өңірдің индустрияландыру картасына енгізу үшін мақұлданған, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің ақпараттық порталынан.  

Әкімдік ақпарынша, сондай жобалардың бірі Бұхар жырау ауданында «Волынский» АӨК» ЖШС жүзеге асырып жатқан биоқалдықтарды қайта өңдеу өндірісі. Әңгіме жылына 2,5 млн кВт қайта жаңғыртылатын электр энергиясын, 9 тонна микробиологиялық тыңайтқыштар мен 144 мың текше метр сәулелендірілген су өндіру туралы.
  
«Бұл «Жасыл дәліз» бағдарламасы аясындағы өте маңызды жоба. Оның үстіне ол толық жүзеге асырылған, АӨК қазірдің өзінде өз қажеттілігі үшін қалдықтарды энергияға айналдыруда. Қазіргі таңда «Қарағанды Жарық» ЖШС-нен энергетикалық нарыққа қайта жаңғыртылатын көздерге шығу нұсқалары талқылануда», - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Сонымен қатар, хабарлағандай, медициналық қызмет көрсету саласында да бірден бірнеше инновациялар енгізіледі: 3D-стоматология, эндокринологиялық орталық және диабет мектебі. Оған қоса, «Мерей» қарағандылық клиникасында жаңа бағыт – эндокринологиялық диспансер ашылды. Қазірдің өзінде облыс орталығында қант диабетіне шалдыққан 6 мыңнан астам науқас тіркелген. Ал бұл көрсеткіш артып келеді, сондықтан 20 кереуеті бар мемлекеттік стационар мәселені шешпейді.  

Сонымен қатар, IT-технология саласында «Микропроцессорлық электронды қондырғы және бағдарламалық қамтуды әзірлеу» жобасы мақұлданды.  

Отырыста сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында пеноблоктар жасауға арналған қондырғыны сатып алуға арналған жоба, жүк тасымалы мен такси қызметін ұйымдастыруға арналған  автокөлік, ауыл шаруашылық техникасын сатып алу бойынша бірқатар жобалар мақұлданды.

adimage