Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ – Қарағанды облысындағы тас жолда жүк көліктерінің арасында қысылып қалған көліктегі екі адам ажал құшты, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Жол апаты Нұр-Сұлтан-Теміртау тас жолында болған. Көліктер елордаға қарай бет алған. Алдын-ала ақпар бойынша, Foton көлігі екі жүк көлігінің арасына қысылып қалған. ЖКО салдарынан екі адам - Foton жүк көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі қаза тапқан. Жол апатының жағдайлары мен себептері анықталуда», - деп келтірген Қарағанды облысы полиция департаментінің (ПД) мәліметтерін ұлттық компания.
Хабарда атап өтілгендей, ЖКО жұма күні 10.00 шамасында болған.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07