Қарағанды облысында жыл басынан бері индустриалдау картасы жобаларымен Т40 млрд болатын өнім өндірілді

Қарағанды. 25 тамыз. ҚазТАГ – Қарағанды облысында жыл басынан бері индустриалдау картасы жобаларымен іске қосылған кәсіпорындар Т40 млрд болатын өнім өндірді, деп хабарлады облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан.
«2015 жылғы қаңтар-шілдеде Қарағанды облысында өндірілген өндірістік өнім көлемі Т715,9 млрд, физикалық көлем индексі – 108,8% болды, бұл республика бойынша бірінші орын. Тау-кен өндірісі өнеркәсібі мен карьерді қазу жұмыстарында физикалық көлем индексі 101,3%, немесе Т78,4 млрд. болды. Өңдеу өнеркәсібінде Т520,8 млрд болатын өнім өндірілді, физикалық көлем индексі - 112,6%. Бұл да республикада бірінші орын», - делінген сейсенбі күнгі хабарда.
7 айдың қорытындысы бойынша барлық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады делінген хабарда.
«Өнеркәсіпке салынған инвестиция көлемі Т118,2 млрд, немесе былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда  - 111,6% болды. Өңдеу өнеркәсібіне Т62,9 млрд инвестиция салынып, ол былтырғы осындай арақылпен салыстырғанда 20,4%-ға артық болды», - делінген мәліметтерді келтірді облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан.
Индустриалдау картасына Т517 млрд болатын  90 жоба енгізілді, онда 11 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытқа Т125,7 млрд болатын 61 жоба іске асырылып, жаңадан 4,7 мың жұмыс орны ашылды.
«Индустриалдау картасы жобаларын іске қосқалы бері барлығы Т241,5 млрд сомалық өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, оның ішінде 2015 жылғы 7 айда - Т41,6 млрд өндірілді. Олардың облыс өнеркәсібіндегі үлесі 5,8%, өңдеу өнеркәсібінде - 6,5%», - делінген хабарда.
Басқарма мәліметтерінше, ҮИИДБ аясында облыста 2015-2019 жылдары инвестиция көлемі Т394 млн болатын 32 жоба іске асырылып, жаңадан 6 мың жұмыс орны ашылмақшы.
«2015 жылы Т80 млрд болатын 10 жоба іске асырылып, 750 жұмыс орны ашылады, олардың 3 жобасы іске қосылған да. Жыл соңына дейін жалпы құны Т77,2 млрд болатын 7 жоба іске асырылмақшы. Оларды іске асыру 596 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», - деді облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан.
Статмәліметтер бойынша өңірдегі жүйе құрушы кәсіпорындар бойынша қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызмет құрамы 73,7% болды. Ақшаға шаққанда ол Т114,7 млрд, 2014 жылғы осындай аралықпен салыстырғанда 7,6% өсті.

adimage