Қарағанды облысының 40 жасар тұрғыны кәмелетке толмағанды жүкті қылды деген күдікпен ұсталды

Алматы. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Қарағанды облысының 40 жасар тұрғыны кәмелетке толмағанды жүкті қылды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«2020 жылдың 31 желтоқсанында Қарағанды облысы ПД-не Қарағанды тұрғыны Айсұлтан Жақыпов хабарласқан. Ол «Маған Қарағанды облысының ауылдарының бірінде жергілікті тұрғыннан кәмелетке толмаған қыз бала жүкті болып қалған деген ақпар түсті. Ал ата-анасы болса оны жасырып отырған көрінеді» деді. Сол күні аталмыш хабар бойынша шұғыл түрде ҚР ҚК 120 бабы 4 бөлімі (зорлау) бойынша қылмыстық іс тіркелді», - деп хабарлады бейсенбі күні өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Полицейлердің айтуынша, алдын-ала тексеру барысында аталмыш дерек расталды.
«Полиция қызметкерлері күдікті 40 жасар тұрғынды анықтап, ұстады. Сот оған қатысты «қамауға алу» бұлтарпау шарасын тағайындады», - деді ПД-нен.

adimage