Қарағанды облысының барлық ауылдық аймақтарында радиотехника зертханасы жабдықталған

Қарағанды. 19 тамыз. ҚазТАГ – Қарағанды облысының барлық ауылдық аймақтарында радиотехника зертханасы жабдықталған, деп мәлім етті облыстық білім басқармасының бастығы Асхат Аймағамбетов.
«Елбасының білім саласын дамыту туралы тапсырмасын орындау бағытында облыста «Робототехника» курсын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірінші кезеңде облыстық мамандандырылған 5 мектеп-интернат үшін робототехника зертханасы сатып алынды, екінші кезеңде осы үрдіске барлық қалалар мен аудандар қосылды», - деді А. Аймағамбетов сәрсенбі күні педагогтардың жыл сайынғы тамыз айындағы конференцияда.  
Жаңа оқу жылының басына облыстағы 18 ауыл аймақтары арнайы пән үшін қажет жабдықтар сатып алды, деді ол.  
«Робототехника факультатив ретінде Қарағанды облысының мектептерінде жақында ғана пайда болса да өзін танытып үлгерді. Облыстық құрама командасы халықаралық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетуде. Ойын технологиясы арқылы балаларда функционалдық сауаттылық – физика мен сызу, 3D MAX саласында қажет білімі дамиды», - деді білім басқармасының жетекшісі.
Оның айтуынша, Қарағанды облысы елдегі робототехникасы дамыған көшбасшылары қатарына енген.
«Биылғы жылдың сәуір айында Қазақстанда тұңғыш рет Қарағанды облысында «RoboLand 2015» фестивалі өтті. Фестиваль аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында бірінші ашық чемпионат өтті. Санкт-Петербор қонақтары облыс оқушыларының дайындығының жоғарылығын атап өтті», - деді А. Аймағамбетов
Ол сондай-ақ жаңа оқу жылы өңір мектептерінде таңдауы бойынша жаңа пәндер: «Мен және менің денсаулығым» және «Экономика мен бизнес негіздері» өтетінін жеткізді.
«Зерттеулер «Таным» жобасының аясында өтті. Талдама көрсеткендей, оқушыларда экономика мен өзінің денсаулығына қатысты қарапайым білімі жоқ екен. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында біз қосалқы курстар енгіздік», - деді басқарма бастығы.
Өз кезегінде мектеп директорларын менеджментке үйретеді. «Кез келген жүйенің тиімді жұмыс атқару шарты сауатты менеджмент болып табылады. Білім жүйесінің алдына қойылған кез келген міндет білім мекемелерінің нық өзара қарым-қатынасынсыз тиімсіз. Аудандық және қалалық білім бөлемдерінің жетекшілері менеджмент курсынан өтті. Білім бөлімдерінің бір бөлігі сапа менеджментінің жаңа ИСО 9001:2009 стандартына өтті. Ендігі кезек басқалары мен мектеп директорларында», - деді А. Аймағамбетов.
Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков менеджмент курсын қажет деп есептейді.
«Көптеген мәселелер ұйымдастырушылыққа байланысты. Жетекшінің сауатты әрекетіне кез келген мекеменің, оның ішінде білім берудің де жетістігінің жартысынан көбі байланысты. Елбасы «Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық құжатта орта білім жүйесінде директорлар корпусының сапасын арттыруға ерекше назар аударғаны кездейсоқ емес. Біздің облысымызда білім жүйесінің басшыларының кәсіби деңгейін көтеру мәселесіне үлкен назар аударылады», - деді ол.
Өңір басшысы 2015 жылы білім бюджеті Т68,7 млрд. болғанын жеткізді.
«Осакаровка кентінде жаңа мектеп пайдалануға тапсырылуының есебінен апаттық мектептер саны азайды. Ұлытау ауданындағы Бетұлақ аулында Абай ауданындағы Құрма аулында апаттық мектептердің орнына тағы екі мектеп құрылысы жүріп жатыр. 15 білім нысанының, оның ішінде балабақша, жалпыбілім мектебінің, өнер және спорт мектебі, жатақханасы бар колледждің және қосалқы екі ғимараттың құрылыс жүріп жатыр. Олардан, бір жыл ішінде, пайдалануға 8 нысаны тапсырылды», - деді Н. Әбдібеков.
Қарағанды мен Сәтпаев қалаларында үш аусымды мектеп проблемаларын шешу үшін «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы бойынша 1200 және 600 оқушыға есептелген жаңа мектептер салынуда.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі білім сапасын көтеруге қатысты тапсырмалар берді. Әр оқу мекемесі 3 жылдық стратегиялық даму бағдарламасын дайындаулары керек.
«Біз қазіргі заманда білім беру жүйесі қуып жетіп отырмай, уақыт талабын алдын ала көруі тиісті екенін ұғынуымыз керек. Сондықтан бізге, біріншіден, жұмыс түрі мен әдісін үнемі жетілдіріп, инновациялық технологияларды белсенді енгізіп, бағдарламалар мазмұнын жаңартып отыру керек. Екіншіден, жай ғана білімді оқушыларды дайындамай, өз өмірін құра алатын, өз білімін үнемі дамытып отыратын, басқа адамдардың тәжірибесін үйрене алатын оқушыларды дайындауымыз керек», - деді Н. Әбдібеков.

adimage