Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – Қарағанды облысының кәсіпорнынан Т382 млн жымқырған күдіктіні Болгария Қазақстанға берді, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ Интерполы Максим Леонтьевті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Болгариядан экстрадициялады. Ұсталған азамат 2012-2017 жылдар аралығындағы кезеңде Қарағанды облысы Ақтау қаласындағы «Central Azia Cement» АҚ-да өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпорынның 382 млн. теңге сомасына ақшалай қаражатын жымқырғаны үшін күдікті», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда айтығандай, Леонтьев қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, осыған байланысты оған халықаралық іздестіру жарияланған.
«Адамды экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының Болгарлық әріптестерімен үйлесімді әрекеттерінің арқасында мүмкін болды. Қазіргі таңда, күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды», - делінген хабарда
Қарағанды облысының кәсіпорнынан Т382 млн жымқырған күдіктіні Болгария Қазақстанға берді
