Қарағанды облысының әкімі ЕЭК министрімен коммуналдық саладағы энерготиімділік мәселесін талқылады

Қарағанды. 12 тамыз. ҚазТАГ – Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі министрі Сергей Сидорскиймен коммуналдық саладағы энерготиімділік мәселесін талқылады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«11 тамызда облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі министрі Сергей Сидорскиймен, ресейлік холдингі «BL Group» президенті Георгий  Бооспен, осы холдингтің халықаралық жобалар бойынша директор орынбасары Михаил Крыжовпен кездесті», - делінген сәрсенбі күнгі облыс әкімшілігінің хабарында.
Кездесу барысында коммуналдық саладағы энерготиімділік мәселесі талқыланды, сондай-ақ «BL Group» холдингінің жарық жүйелерін жобалау, өндіру, жабдықтарды жеткізу, монтаждау және техникалық қолдау көрсету бойынша ұсынысы талқыланды. Бүгінге  «BL Group» өндірістік қуаты жылына 1,5 млн шам, 1,5 млн-дай реттеуіш аппараттар, 65 мыңдай металлқұрылғылар, оның ішінде жарық шамдарға арналған бағаналар, кем дегенде 25 мың кронштейн шығаруға мүмкіндік береді.

adimage