Қарағанды облысының Осакаровка ауданының ауыл шаруашылық өндірушілері 2020 жылға дейін суармалы 4 мыңнан астам жер игермекші

Қарағанды. 19 тамыз. ҚазТАГ – Қарағанды облысының Осакаровка ауданында суармалы жерлерді қайта жандандыру мәселесіне арналған Егістік күні аталып өтілді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Осакаровский ауданы бүгінге облыстағы аса ірі ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші болып табылады. Ылғал ресурстарды үнемдегіш технологияларды, өнімділігі жоғары техника мен өсімдікті қорғаудың заманауи құралдарын пайдалану нәтижесінде мұнда ауа райына тәуелсіз, астықтан тұрақты өнім алып отырады. Қолайсыз ауа райына қарамай, ауданның ауыл шаруашылығы бірлестіктері 236 мың гектарға астық, 8 мың гектарға майлы дақыл мен 7 мың 700 гектарға мал азықтық дақылдар себе алды», - деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков журналистерге шара барысында берген сұхбатында.
Ол соңғы он жылда тұңғыш рет 314 гектар картопқа бөлінгенін айтты. Оның ішінде 120 гектарын «Найдоровское» ЖШС өңдеп жатыр. Ол шаруашылық картопты жауындатып суғаратын қондырғыларды қолдану арқылы суармалы жер шаруашылығын қайта жандандыруда. «Роза-Агро» фермерлік шаруашылық картоп пен көкөніс егілген 102 гектар жерде тамшылатып суғаруды енгізді.
«Мемлекет басшысы мал шаруашылығы саласын ел үшін басым бағыт деп айқындады. Осыған байланысты өсімдік шаруашылығын әртараптандыру аясында жем-шөптің нық базасын жасауға негізгі назар салынуда. Осакаровка ауданында мал азығын дайындауда негізгі рөльді 96 мың гектар жыртылатын жер атқаруда. Жалпы алғанда мал азығын дайындау саласына табиғи шабындық пен жайылымдарды қоса алғанда 374 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері тартылған. Осакаровка ауданында мал азығын дайындаудың негізгі элементі суармалы жер шаруашылығын қайта жандандыру болып отыр», - деді облыс әкімшілігінен.
Шарада айтылғандай, Қ. Сәтпаев ат. канал жағалауында аудандағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өздерінің қаражатына суармалы жерлерді қайта қалпына келтіруде. Жоспар бойынша 2020 жылға қарай тағы 4 мың гекатар суармалы жер игеріледі.
«Мал азығын дамыту үшін аудандағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өнімділігі жоғары техниканы сатып алуда. Тек соңғы екі жылда Т234 млн сомаға мал азығын дайындайтын 50 техника сатып алынды», - делінген әкімшілік хабарында.
«Ғылым мен практиканың ынтымақтастығы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында нәтиже береді. Сондықтан Егістік күні сынды шаралар керек-ақ», - деді облыс әкімі.

adimage