Қарағанды полициясының жаңа басшысы тағайындалды

Алматы. 7 маусым. ҚазТАГ – Қарағанды полициясының жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«6 маусымда Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин Қарағанды полиция басқармасының жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды. Жаңа бастық болып полиция полковнигі Думан Қожахметов тағайындалды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Думан Қожахметов Қарағанды ПБ бастығы болып тағайындалғанға дейін Шахтинск ПБ басқарған.

adimage