Қарағанды соты экс-премьер Ахметовты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудан бас тартты

Күні: 18:26, 25-10-2019.

Алматы. 25 қазан. ҚазТАГ – Қарағанды соты бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудан бас тартты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ахметовты мерзімінен бұрын босатудан бас тартылды», - деді жұма күні ҚазТАГ ХАА тілшісіне Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық сотынан.
Еске салсақ, 2015 жылдың 11 желтоқсанында Қарағанды облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Ахметовты 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сонымен қатар Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев пен Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұлов та сотталды.
Қарағанды облысының бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты тексеріс 2014 жылы басталған. Іс бойынша 20 күдікті өткен.
Трегеу нұсқасы бойынша бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер кірген топ бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған. Оларға аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, жалған құжат жасау айыптары тағылған.
Кейін 2016 жылдың наурызында бұрынғы премьер-министр С.Ахметовке 10 жыл мерзімін сегіз жылға қысқартты. Апелляциялық сатыда Т2,2 млрд көлемінде келтірілген шығынды минкабинеті экс-басшысының тумаларының, достарының толық өтегені ескерілді.
2017 жылдың 19 қаңтарында Ахметовке Қазақстан тәуелсіздігінң 25 жылдығына орай жарияланған амнистияға байланысты жазаның өтелмеген бөлігі бір жыл он айға қысқартылды.
2017 жылдың қыркүйегінде Қарағанды облысы Абай аудандық соты Ахметовтың өтелмеген жазаның қалған бөлігін бостандығын шектеу түріне ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылды. Қазір Ахметов бостандықта.


Жаңалықтармен бөлісу: