Қарағанды тұрғыны дәрілерді заңсыз сату күдігіне ілікті

Қарағанды. 7 шілде. ҚазТАГ - Қарағанды тұрғыны дәрілерді заңсыз сату күдігіне ілікті, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің (ҚМ) қаржылай мониторинг бойынша комитетінің (ҚМК) баспасөз қызметінен.
«Қарағанды облысы бойынша ҚМК экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бақылау түріндегі сатып алу жолымен Қарағанды тұрғынының келесі дәрілерді рұқсат құэатынсыз заңсыз сату дерегін анықтады: «ЦЕФ-III» 42 қорап (біреуінің бағасы Т1,8 мың; «Зитмак-500» 5 қорап (біреуінің бағасы Т4,3 мың; «Лидокаин» тоғыз қорап (біреуінің бағасы Т1 мың», - делінген сейсенбідегі хабарда
Сонымен қатар, ведомствода атап өткендей, күдіктіге тиесілі көлік құралын тексеру кезінде «ЦЕФ-III» дәрілік затының тағы 67 қорабы табылған.
«Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарда.

adimage