Қарағанды –Теміртау автожолын жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімі белгілі болды

Астана. 17 мамыр. ҚазТАГ – «Қарағанды –Теміртау» автожолын жөндеу жұмыстарын 2019 жылдың күзінде аяқтау жоспарлануда, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«2019 жылы жолшылар ұзындығы 15 км «Қарағанды-Теміртау» автожолының 1444-1457 км учаскесін аяқтауы тиіс», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Бас мердігер – «СейСер» ЖШС.
«Қазір нысанда қиыршық-құм-цемент қоспасынан жасалған негізгі қабатты орнату, су өткізу құбырларын монтаждау және жер төсемін салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, мамандар жолдың сол жағын кеңейту үшін цемент-бетон жабындысын төсеуге кірісті. «Қарағанды-Теміртау» автомобиль жолын жаңарту жұмыстарын ағымдағы жылдың қазан айында толық аяқтау жоспарланып отыр», - делінген хабарда.

adimage