Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ - Қарағанды-Теміртау тас жолындағы ЖКО-да төрт адам қаза тауып, біреуі зардап шекті, деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.
«10 қазанда Теміртаудан 4 шақырым жерде Қарағанды-Теміртау тас жолында Қарағандыға келе жатқан ВМW-5281 көлігінің 30 жасар жүргізушісі алдын-ала болжам бойынша, рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегіне ұшып кеткен. ЖКО салдарынан ВМW-5281 көлігінің 21 жасар жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, жүргізуші мен тағы екі жолаушы Теміртау орталық ауруханасында қаза тапқан, 21 жасар жолаушы түрлі жарақаттарымен медмекемеге жеткізілген», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Тиісті сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарда.
Қарағанды-Теміртау тас жолындағы ЖКО-да төрт адам қаза тауып, біреуі зардап шекті
