Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ - Қарағандыда 16 өзбек тұрмыстық газдан уланды, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігі (ӨзТАГ).
«Қазақстандағы Өзбекстан елшілігінің ақпарынша, 3 маусымда сағат 00.15-те Қарағандыда Өзбекстанның 16 азаматының тұрмыстық газдан улану дерегі тіркелді. . (…) Зардап шегушілер Қарағанды облыстық медициналық орталығына «Тұрмыстық газдан, оның ішінде улы газдан орташа ауырлық деңгейде тыныстық улану. Тосико-гипоксикалық энцефалопатия» диагнозымен жеткізілді», - делінген Өзбекстанның СІМ баспасөз қызметінің хабарында.
Қазақстанның құзырлы органдарының алдын-ала нұсқасы бойынша улану жағдайы жаңадан салынып жатқан үйде бензин агрегатынан улы газдың шығуынан орын алған. Ол үйде аталмыш өзбек азаматтары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.
«Қарағандының құқыққорғау органдары төтенше жағдайдың себебін және салдарын анықтау жұмыстарын жүргізуде», - делінген хабарда.
Токсикология бөлімінің ауызша мәліметтеріне сәйкес тұрмыстық газдан уланғандар: Хусанов Сардор (20.07.2001 ж.т.), Джураев Валентин (15.04.1998 ж.т.), Хусанов Шарип (08.02.1973 ж.т.), Точканов Алишер (17.10.1996 ж.т.), Неъматов Бахадур (30.03.1992 ж.т.), Элбаев Одил (12.04.1986 ж.т.), Елбаев Фарух (02.02.1992 ж.т.), Точканов Шахзод, 10.03.1999 ж.т.), Точканов Дастан (24.10.1995 ж.т.), Точканов Айбек (15.02.1996 ж.т.), Искандаров Обид Саллоходинович (01.08.1995 ж.т.), Самиев Азбек (01.01.1998 ж.т.), Хусанов Эгамберди (25.01.1976 ж.т.), Маурутов Иззат (01.01.1991 ж.т.), Хусанов Нияз (01.01.1990 ж.т.), Хусанов Кобонует (18.04.1982 ж.т.)
«Көрсетілген зардап шеккен азаматтар арасында Э. Хусанов, И. Маурутов, Н. Хусанов және К. Хусанов денсаулықтарының бір қалыпты болуынан ауруханадан шығарылды. (…) Елшілік аталмыш мәселені бақылауда ұстап отыр және +7 777 218 20 20 нөмірі бойынша «қауырт желіні» іске қосты», - делінген хабарда.
Қарағандыда 16 өзбек тұрмыстық газдан уланды
