Қарағандыда адамдар зардап шеккен жаппай ЖКО үшін Lexus мас жүргізушісі УҰИ-ге тоғытылды

Алматы. 21 қазан. ҚазТАГ – Қарағандыда адамдар зардап шеккен жаппай ЖКО үшін Lexus LX 570 мас жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) тоғытылды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Lexus 570 көлігінің 49 жасар жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Патрульдік полиция қызметіне кедергі келтірген азаматтарға қатысты өз міндетін орындау барысында полиция қызметкерлеріне бағынбағандары үшін әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Еске салсақ, Lexus LX 570 көлігінің 49 жасар жүргізушісі мас күйде үйдің ауласында тұрақта тұрған бес көлікке соққан. ЖКО салдарынан 25 жасар ер адам мен 29 жасар әйел ауруханаға жеткізілді. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345 бабы 2 бөлімі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

adimage