Қарағандыда қатты қабығы бар дәрілер өндірісі іске қосылды

Күні: 13:41, 17-01-2019.

Алматы. 17 қаңтар. ҚазТАГ – «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік xолдингі елімізде алғашқылардың бірі болып қатты қабығы бар дәрілер өндірісін іске қосты, делінген Қарағанды облысы әкімінің сайтындағы хабарда.
«Ғылым қорымен 100 млн теңге бөлінді. Препаратты бірден «Арглабин нативный» жұмыс атауымен тіркеді. Қазіргі таңда ол клиникалық сынақтан өтіп жатыр», - деді «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин.
Аталмыш жобаны жүзеге асыруға қажет жабдықтар Германиядан сатып алынды.
«Израилдік фармацевтер мен бизнесмендер қарағандылықтармен серіктестік орнатуға қызығушылық танытуда. Келешекте олар осында дәрілік субстанция алып келіп, қатты қаптамамен қаптап, Қазақстанда тіркейді және xалықаралық нарыққа жылжытады», - деп атап өтті «Фитохимия» ХҒӨХ бас директоры Серғазы Әдекенов.
Оның айтуынша, өндірісті іске қосу отандық дәрілердің құнын арзандатады.
«Жаңа теxнологиялар отандық дәрілердің құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Өндірістік шығындар екі-үш есе төмендейді. Холдинг тағы осы секілді бес машина сатып алып, өндіретін өнімдер желісін кеңейтуді жоспарлап отыр», - деді С. Әдекенов.


Жаңалықтармен бөлісу: