Қарағандыда фирма басшысы мемтұрғынүйқұрылыс қаржысын жымқырған деген күдікке ілікті

Қарағанды. 7 тамыз. ҚазТАГ – Максим Елизаров. «DCT Kazakhstan» ЖШС директоры Қарағандыда мемтұрғынүйқұрылыс қаржысын жымқырған деген күдікке ілікті, деп хабарлады өңір прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы «DCT Kazakhstan» ЖШС директорына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4 бөлімі бойынша (аса ірі көлемдегі сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) ұсталды. Кәсіпорын басшысы 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Қарағандыда ірі панелді тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджеттің ақшалай қаражатын жымқырған деп күдіктелуде. Осы қылмыстық әрекеттің салдарынан мемлекетке Т107 млн. шығын келтірілген. Қазіргі таңда ЖШС директоры екі айға қамауға алынды», - делінген жұмадағы баспасөз қызметінің хабарында.

adimage