Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - Қарағандыда мектеп шатырының 300 ш.м. өртенді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
«12 қыркүйек, сағат 20.56-да қарағаныдда Октябрь ауданында «Восток-1» ықшам ауданында №36 жалпы білім беретін орта мектеп шатырының ағаш құрылымы 300 ш.м. өртенді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, өрт 22.34-те ауыздықталып, 22.55-те толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қарағанды облысы білім басқармасының басшылығы оқу процесін ары қарай жалғастыру үшін оқушыларды басқа мектептерге уақытша бөлу туралы шешім қабылдады.
«Өртті сөндіруге Қарағанды облысы өрт сөндіру қызметінің 55 қызметкері мен 15 дана арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - деді Р.Иманқұлов.
Қарағандыда мектеп шатырының 300 ш.м. өртенді
