Қарағандыда нотариустың коронавирус жұқтырғаны өлгеннен кейін расталды

Қарағанды. 1 сәуір. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан.
"Қарағандыда нотариустың коронавирус жұқтырғаны өлгеннен кейін расталды», - деді Қарағанды облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметінің басшысы Бибігүл Төлегенова.
«Ер адамның (коронавирустан қайтыс болған – ҚазТАГ) жүрегі бүгін ертеңгісін көрсетілген медкөмекке қарамастан, 07.10-да тоқтап қалды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болғаннан кейін расталды. Бұған дейін ол ауруханаға жүгінбеген. Нотариус болып жұмыс жасаған», - деді Төлегенова сәрсенбідегі онлайн-брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 369 жағдайы тіркеліп, 26-сы жазылып, үш адам көз жұмды.

adimage