Қарағандыда ҚР ІІМ ұлттық гвардия солдаты өлі табылды

Күні: 16:49, 20-09-2018.

Қарағанды. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Қарағандыда ҚР ішкі істер министрлігі ұлттық гвардия солдатының денесі табылды. Ол қарудан жараланған, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Қарағандыда ІІМ ұлттық гвардиясының №6505 әсери бөлімінің әскери қызметкерінің денесі табылды. Ол қарудан жараланған.  Бөлім басшылығы түсінік беруден бас тартты. Қаза тапқан әскери қызметкердің оралман екені ғана белгілі», - делінген бейсенбідегі хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, оқиға орнында Қарағанды ІІМ әскери-тергеу басқармасының Қарағанды өңірі орталық бөлімшесінің тергеушілері жұмыс жасауда


Жаңалықтармен бөлісу: