Қарағандыда өрттен үш бала зардап шекті

Күні: 12:30, 05-02-2019.

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Қарағандыда өрттен үш бала зардап шекті, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің (ІІМ) төтенше жағдайлар комитетінің (ТЖК) ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«4 ақпанда сағат 22.12-де Қарағандыдағы Октябрь ауданы 15 ықшамауданы тоғызқабатты үйде өрт шыққаны туралы өрт сөндіру қызметінің тетігіне хабар келіп түсті. Өрт сегізінші қабаттағы пәтерде 10 ш.м. алаңда шыққан. Өрт сөндірушілер 13 адамды, оның ішінде жеті баланы баспалдақты марш бойынша құтқарды. Өрт 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те сөндірілген. Иіс газымен 2011, 2014 және 2018 жылы туылған үш бала ауруханаға жеткізілді», - деді Н. Нұрахметов.
Ол атап өткендей, өрт себебі анықталуда.
«Өрт орнына Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамдағы 25 адам мен сегіз өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі.


Жаңалықтармен бөлісу: