Қарағандыда үш лық толы жолаушылар автобусына пневматикалық тапаншадан оқ атылған

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Қарағандыда үш лық толы жолаушылар автобусына пневматикалық тапаншадан оқ атылған, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың 8 қазанында шамамен сағат 19.00-де белгісіз біреулер «45 квартал» аялдамасында бұзақылық ойдан пневматикалық қаруды қолдану арқылы №40 автобустың (оқиға кезінде автобус салонында 40-45 жолаушы болған), №45 (оқиға кезінде автобус салонында 120 жолаушы болған), №33 (оқиға кезінде автобус салонында 60-70 жолаушы болған) жолаушылар автобустарының терезесіне оқ атқан», - делінген сәрсенбіде таратылған хабара.
Хабарда атап өтілгендей, зардап шегушілер жоқ.
«Оқиға орнын қарау кезінде, яғни №45 жолаушылар автобусының салонын тексергенде полиция пневматикада қолданылатын диаметрі 4,5 мм металл шаригін тауып, тәркілген. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 293 бабы 3 бөлімі 2 тармағы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда полиция күдіктілерді анықтау және ұстау шараларын жүргізуде», - делінген хабарда.

adimage