Қарағандыда шартты түрде мерзімінен бұрын шыққан зорлықшы жеті жасар қыз балаға тиіскен деп күдіктелуде

Алматы. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Қарағандыда  шартты түрде мерзімінен бұрын шыққан зорлықшы жеті жасар қыз балаға тиіскен деп күдіктелуде, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«7 желтоқсан күні сағат 10:30 шамасында «102» телефонына Қарағанды қаласының тұрғынынан белгісіз ер адамның үйдің бірінің кіреберісінде 7 жасар қызын зорламақ болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберілді, олар күдіктіні табу үшін жақын аудандарды тінте бастады. Жедел-іздестіру шаралары барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 43 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. (…) Күдікті бұған дейін 2006 жылы осыған ұқсас қылмыстың 12 дерегі (зорлау, тиісу – ҚазТАГ) бойынша 15 жылға сотталған екен. 2019 жылдың наурызында оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатқан», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Полицияда атап өткендей, аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 24-120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Күдіктіге қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпас шарасы қолданылған», - делінген хабарда.

adimage