Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ - Қарағандыда шетел көлігі және автобустың қатысуымен орын алған ЖКО салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті (ПД) баспасөз қызметінен.
«13 ақпанда KIA маркалы көліктің 33 жасар жүргізушісі Майқұдық жақтан әуежайға қарай көпір үстімен келе жатып, алдын-ала болжам бойынша, көлік рөліне ие бола алмай қалып, қарсы жолға шығып кеткен, сол кезде Shaolin маркалы автобуспен соқтығысқан, оның рөлінде 49 жасар жүргізуші болған. ЖКО салдарынан екі жүргзуші мен бір жолаушы жарақат алған, жолаушылардың бірі ауруханаға жатқызылған», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш дерек бойынша KIA көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚбК 610 б. 2б. бойынша әкімшілік өндіріс басталды.
Қарағандыда шетел көлігі және автобустың қатысуымен орын алған ЖКО салдарынан төрт адам зардап шекті
