Қарағандыда төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Қарағанды. 2 тамыз. ҚазТАГ – Қарағандыда төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлады ҚазТАГ.
«1 тамызда сағат 23.40-та үлкендердің қарауынсыз қалған 2017 жылы туған бала бесінші қабаттың терезесінен подъездің шатырына құлап түскен», - деп хабарлады Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Бала Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілді.

adimage