Қарағандыда тас жолда орын алған ЖКО салдарынан полицей көз жұмды

Күні: 12:10, 22-02-2019.

Алматы. 22 ақпан. ҚазТАГ – Қарағанды-Теміртау тас жолындағы ЖКО-да құқыққоғау органдарының қызметкері мерт болды, деп хабарлады NewTimes.kz.
«Қызметтегі полиция қызметкері Mercedes көлігімен Қарағанды-Теміртау тас жолында облыс орталығынан 5 шақырым жерде қарсы жолға шығып кетіп, Lexus көлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан оның әріптесі – жолаушылар орындығында отырған полиция қызметкері көз жұмды», - делінген хабарда.
Ақпарда көрсетілгендей, қылмыстық іс ҚР ҚК 345 бабы бойынша жүргізілуде.


Жаңалықтармен бөлісу: